Ссылки доступа

Тәжікстанда билікті басып алмақ болды деген күдікпен депутат қамауға алынды


Саидджафар Усмонзода
Саидджафар Усмонзода

Парламент депутаты, Тәжікстанның Демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Саиджафар Усмонзода қамауға алынды.

14 маусымда "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігі парлменттің мәлімдемесіне сүйеніп, бас прокуратура Усмонзоданы елде тыйым салынған Тәжікстанның Ұлттық альянсы лидерлерімен астыртын байланыс жүргізіп, билікті басып алмақ болды деген ақпарат жариялады.

Бас прокурор Юсуф Рахмон парламенттің төменгі палатасының кезекті отырысында Саиджафар Усмонзода 2021 жылдың қыркүйек айында Тәжікстанның Ұлттық альянс лидерлерінің бірі Шарофиддин Гадоевпен келіссөз жүргізді, олар Усмонзодаға қаржылық көмек беруге уәде етті деп мәлімдеді.

11 мамырда Демократиялық партия кезектен тыс құрылтай өткізіп, Саиджафар Усмонзоданы төрағалықтан алып, оның орнына Шахбоз Аброрды сайлаған.

Бірақ Сайжаффар Усмонзода өзін партияның заңды лидері деп санайтынын айтып, бұл жөнінде әділет министрлігінен партияның соңғы шешімін жоққа шығаруға шақырған.

XS
SM
MD
LG