Ссылки доступа

Санду: Ресей Молдова билігін өзгерткісі келеді 


Майя Санду
Майя Санду

Молдова президенті Майя Санду Ресей елінде билікті өзгертіп, Кишинёвқа өз адамын қойғысы келеді деп мәлімдеді. 

Дүйсенбі күні Кишинёвта баспасөз мәслихатын өткізген Молдова президенті Ресейдің жоспарын түсіндіріп берді. Бұл ақпаратты өткен аптада Украинаның арнайы қызметі жолдаған.

Сандудың сөзінше, Ресей жақтастары оппозициялық күштер ретінде акция ұйымдастырып, мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасайды. Бұл шараға әскери дайындықтан өткен диверсанттар тартылуы мүмкін. Олар Ресейден, Беларусьтан, Серьиядан және Черногориядан келуі мүмкін.

Молдова президенті Ресей бұл мақсатына жетуі үшін қазір шетелде қашып жүрген саясаткерлер мен кәсіпкерлер Илан Шора мен Влад Плахотнюкке көмектесуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сандудың сөзінше, Ресей еліндегі еуроинтеграцияны тоқтатып, Молдованы Украинаға қарсы соғысқа пайдалануы мүмкін.

Санду былтыр күзде елінде болған жаппай наразылық акцияның артында да Ресей тұрғанын жеткізді.

Мәскеу әзірге Молдова президентінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG