Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің жетеуі Ресе жобасын қолдады. Олардың арасында Қытай, Алжир және Гайана бар. АҚШ, Ұлыбритания, Франция бастаған тағы жеті ел қарарға қарсы шықты. Швейцария бейтарап ұстанымда қалды.
Жобаны кеңестің тоғыз мүшесі қолдағанда, сонымен бірге ешкім вето қоймағанда ғана қарар қабылданады.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензяның мәлімдеуінше, Мәскеу дайындаған қарар жобасын қабылдамауы АҚШ-тың ғарышты қаруландыру ниетін білдіреді.
Ағылшын делегациясының бір мүшесі Ресей жобасы елдің назарын «Мәскеу ядролық құрылғысы бар жаңа спутник әзірлеп жатыр» деген мәліметтен аудару үшін дайындалған деп мәлімдеді.
Сәуірдің аяғында Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ пен Жапонияның ғарышта ядролық қару орнатуға тыйым салу туралы қарар жобасына вето қойған.
Сол кезде Небензя оның себебін ядролық қаруға ғана емес, ғарышта қарудың басқа да түрлерін орнатуға тыйым салу деп түсіндірген.
АҚШ Ресей спутникке қарсы ядролық қаруды ғарышқа орналастыруға ұмтылып жатыр деп есептейді. Мәскеу қарудың осындай түрін дайындап жатқаны туралы айыптауларды жоққа шығарып отыр.