Ссылки доступа

Зерттеу: Мирзияевтің күйеу баласы Ташкентте миллиондаған долларға кешен салып жатыр


Өзбекстан астанасының элиталы ауданында жер учаскесі миллиондаған доллар тұратын аймақтарда құрылыс көбейіп жатыр. Озодлик радиосының зерттеуі бұл жобаның мемлекеттік қызметте істейтін президенттің күйеу баласымен тікелей байланысы барын анықтады.

Зерттеу көрсеткендей, бұл жобаны жүзеге асыру үшін ондаған үйлер сүрілген.

Бірнеше дереккөздің мәліметінше, Өзбекстан президентінің қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары болып істейтін Мирзияевтің туған күйеу баласы Отабек Умаров жергілікті тұрғындарға үйін тастап кету үшін қысым көрсеткен. Сөз Ташкенттің ең қымбат ауданындағы 1,5 гектар жер болып тұр. Оның құны шамамен 20 миллион доллар тұрады.

Умаров әлеуметтік желілерде қымбат өмірін жиі көрсетеді.

Қазір бұл аймақта кемінде 20 жылжымайтын мүлік салынып жатыр.

Умаров Мирзияевтің кіші қызы Шахнозаның күйеуі. Олар 2007 жылы үйленген.

Зерттеудің толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

XS
SM
MD
LG