Ссылки доступа

Өзбекстанда ондаған ауыл тұрғындары ауыз суды сатып алады


В Узбекистане десятки населенных пунктов остаются без чистой питьевой воды
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:50 0:00

Өзбекстанда ондаған ауыл ауыз сусыз отыр

Өзбекстанда ондаған елді мекен ауыз сусыз тіршілік етіп жатыр. Солардың бірі - Ришт ауданындағы Армандашт ауылы. Жергілікті тұрғындар суды құдықта жинап, оның аузын құлыптап қоюға мәжбүр.

Ауылға су құбыры жүргізілген, бірақ тұрғындар суды арықтан алып отыр.

"Бізге су құбырын тартып берген, бірақ одан бір тамшы су тамбаған. Бір мәрте құбырды жаңартқан, сонда да су жүрмеген. Суды арықтан іштуден басқа амал жоқ. Алыстан тасимыз" дейді ауыл тұрғыны Абдусалом Хайдаров.

Ол су қоймасын арықтың көмегімен толтырып жүр. Арық оның үйінен бір шақырым жердегі су арнасынан тартылған.

"Бассейнге шамамен 80 тонна су жиналады. Ол махаллаға 10-15 күнге жетеді. Басқа махалланың тұрғындары да су сұрап келеді".

Бірақ бассейн суға үнемі тола бермейді. Кейде қаңырап бос тұрады.

Қышлақ тұрғындары көліктеріне үнемі бос құты салып жүреді. Басқа ауылдарға бара қалған уақытта сол жерден ауыз су әкелуді ұмытпайды. Қышлаққа суды водовозбен де тасиды. Бірақ оны сатып алу қажет.

"Бір көлікпен бес тонна су әкелуге болады. Ол 20 доллар тұрады. Үнемдесең, бір отбасына ары кетсе бес айға жеткізуге болады" дейді Хайдаров.

Ауыл тұрғындары су мәселесін шешіп беруін сұрап, талай мәрте билікке арызданған.

Ауладағы егістікті суғару үшін тұрғындардың кейбірі құдық қазады. Су кей жерде 10 метрден, ал кей жерлерде 22 метр тереңдіктен шығады.

Ришт аудандық әкімдігінің мәліметінше, жарты жылда ауданда 188 шақырым су құбыры тартылып, 35 нысан тұрғызылған. Алайда Армандашт қышлағының тұрғындары су ақпайтын құбырды тартудың не қажеті барын түсіне алмай отыр.

XS
SM
MD
LG