Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік қызметкерлерінің айтуынша, осындай аймақтарда 72 мың отбасы немесе 400 мың адам тұрады. Оларды қауіпсіз жерге көшіру керек.
Билік қауіпті аймақтарға өз бетімен үй салды деп тұрғындарды айыптайды. Тұрғындар болса жер бөліп берген жергілікті билікті кінәлайды.
«2024-2026 жылдары экологиялық мигранттарды көшіруді ұйымдастырудың жоспары бекітілді. Үш жылда 525 отбасы қауіпсіз жерге көшіріледі» дейді министрлік қызметкері Жамшед Камолов.
«Бізді осы жерге көшірген. Жер берген. Біз үй тұрғыздық. Енді басқа барар жеріміз жоқ» дейді Душанбеден қырық шақырым жердегі Чуянгарон жамағатының тұрғыны. Мұнда жойқын сел үйлерді шайып кетіп жатыр.
Тәжікстан бас прокуратурасы 2023 жылғы наурызда жер бөлуге қатысты 1,5 мыңнан астам шешім заңсыз шығарылғанын анықтады. 252 мың адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Дүниежүзілік банк мәліметінше, 1992-2016 жылдар аралығында Тәжікстан табиғат апаттарынан 1,8 млрд доллар шығынға батқан. Мұндай апаттар шамамен 7 млн адамның өміріне әсер еткен.