Ссылки доступа

Сербияға жұмысқа барған өзбек мигранттары құқығы шектелгеніне шағымданды (видео)


Сербияға егін жинауға барған еңбек мигранттарының басым бөлігін жұмыс беруші Өзбекстанға кері қайтарды.

Өзбек жұмысшылары еңбек келісіміндегі талаптар бұзылғанына шағымданған.

Оларды Сербияға жұмысқа жіберген Өзбекстан Еңбек министрлігі Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттік өкілінің айтуынша, жұмысшылар тап болған қиыншылықтар тексеріліп жатыр.

Елге оралған еңбек мигранттары жұмыс беруші оларды себебін түсіндірместен жұмыстан шығарғанын айтты.

Сербияға қиыр теруге барған 500 өзбектің жартысы елге ақшасыз қайтқан.

23 жастағы Шерзодбек Норматов - серб фермасында қияр тергендердің бірі.

— 7 маусымда Сербияға жұмысқа бардық. Бізге ештеңе үйреткен жоқ, бар айтқаны: "Қашып кеткендерге айыппұл салынады!". Келісім біздің мүддемізге сай жасалмаған: жұмыс беруші бізді кез келген уақытта жұмыстан шығара алады. Екінші келісімге Сербияда қол қойдырды, бірақ құжатты оқытпады. Агенттік өкілін бір-ақ мәрте көрдік. Сербтер мен немістер бізді қорлады, балағаттады. 12 сағаттан жұмыс істедік. Әрбір 3-4 сағатта 10 минут демалыс береді. Адамдар шаршады, - дейді ол.

Еңбек мигранттары Еңбек министрлігіндегі шенеуніктерді келісім талаптарын бұзды деп айыптады. Министрлік өкілі мәселені тексеріп жатқанын айтты. Сербияға жұмысқа барған 300 өзбек мигранты әлі жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG