Ссылки доступа

Сербиядағы атыста сегіз адам мерт болып, 13 адам жараланды


Дубон елді мекеніндегі полиция атыс болған жерді тексеріп жатыр.
Дубон елді мекеніндегі полиция атыс болған жерді тексеріп жатыр.

Сербияда Младеновац қалалық қауымына қарасты Дубон елді мекеніндегі атыста сегіз адам мерт болды, олардың арасында балалар да бар. 13 адам жараланды, олардың жетеуінің жағдайы мүшкіл.

Оқиға 4 мамырда кешке болған. 21 жастағы жігіт мектеп ауласында достарымен дауласып, содан кейін үйінен Калашников автоматын алып келіп, достарына оқ атқан. Одан соң бозбала машинаға мініп, сол аудандағы басқа да адамдарға шабуылдаған.

Күдікті ұсталды. Оны іздестіруге құқық қорғау органдарының 600-ден аса қызметкері қатысты.

Сербия ІІМ басшысы Братислав Гашич шабуылды террористік акт деп атады.

3 мамырда Белградта 14 жастағы оқушы мектепте тоғыз адамды - сегіз оқушы мен бір күзетшіні атып тастаған. Жасөспірім екі тапаншамен шабуылдаған. Бұл оқиға "Владислав Рыбникар" мектебінде болған. Сол кезде Сербия қаза болғандарды үш күн бойы аза тұтқан.

XS
SM
MD
LG