Ресейдің сыртқы істер министрлігі 30 сәуірде мәлімдегендей, бұл кездесу орыс тараптың ұсынысымен жүзеге асты.
29 сәуірде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресей аймағында Тәжікстан азаматтарына жасалып жатқан қысымдарға байланысты Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке наразылық нотасын тапсырған.
Сергей Лавров Сирожиддин Мухриддинге "Крокус Сити Холлдағы" қайғылы оқиғалар Ресейге келген шетелдік азаматтарды тексерудің басты себебі екенін айтқан.
"Істелініп жатқан шаралар уақытша мәнге ие екені, олардың белгілі бір ұлтқа немесе дінге қарсы бағытталмағаны және шекара бекеттеріндегі қатаң бақылау біртіндеп реттелетіні" айтылған Ресейдің сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.
Тәжікстан 27 сәуірде Мәскеудегі "Внуково" әуежайында мыңға жақын тәжік азаматы қамалып тұрғанын мәлімдеген. Арасында Ресейде білім алып жатқан студенттер де бар.