Ссылки доступа

Тәжікстанда сел жүріп, үш адам қаза болды


Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті түсірген сурет
Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті түсірген сурет

Кейінгі екі тәулікте толассыз жауған нөсер жаңбырдан Тәжікстанның көптеген ауданында сел жүрді.

Табиғат апатынан үш адам қаза болды. Тұрғын үйлер, егістіктер бүлінді, жолдар мен көпірлер бұзылды.

5 мамырға қараған түні Варзоб ауданында қуатты сел жүрген. «40 және 67 жастағы екі әйел қаза болды» деп хабарлады Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Кейінгі екі күнде Соғды, Хатлон, Таулы Бадахшан автономиялы облсы және Душанбеге жақын орналасқан аудандарда сел жүрген.

XS
SM
MD
LG