Мәселен Трамптың Джей Ди Вэнсті вице-президенттікке қалай таңдағаны және Трамп жеңетін болса, бұл қадамның салдары жайында құжат жарияланып кеткен.
Құжат Вэнс сенатор болып тұрғанда берген сұқбаттарды және ашық жарияланған мақала, баяндамаларды қамтиды. Оны Politico басылымының екі дереккөзі растаған.
Журналистер сөзінше, хакерлердің қолында Трамптың сот істері бойынша сайлау штабындағы электрондық хаттар да болуы ықтимал.
Трамп өзінің Truth әлеуметтік желісінде штаб сайттарының бірін Иран үкіметіне жақын хакерлер бұзып кіргенін, ол туралы Microsoft компаниясы мәлімет бергенін жазды.
Microsoft осының алдында иран хакерлері мен боттар АҚШ президенттігіне екі үміткерге де тең шабуыл жасап, саяси жүйесіне дүрбелең туғызуды көздеп жатқанын ескерткен.
Microsoft компаниясы өкілі журналистерге қосымша мәлімет беруден бас тартты. БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Reuters агенттігіне Тегеранның АҚШ-тағы сайлауға килігуге ниеті жоқ екенін мәлімдеген.
Трамп президент болып тұрғанда, АҚШ пен Иран қарым-қатынасы нашарлап кеткен. 2020 жылы америкалық күштер Ислам революциясының сақшылар корпусының басшысы Касем Сулейманидің көзін жойғаннан кейін Тегеран Құрама Штаттардан "өш алатынын" білдірген.