Ссылки доступа

Сирияда әскери академияны дрондармен атқылап, соның салдарынан 100 адам қаза болды


Сириядағы Хомс қаласында орналасқан әскери академиясын түлектерде диплом тапсыру рәсімі кезінде дрондар атқылады. Шабуыл салдарынан кем дегенде 100 адам мерт болды. Бұл туралы Al Jazeera мен Reuters хабарлады.

Сирия денсаулық сақтау министрлігі бұның алдында 80 адам қаза болып, 240 адам жараланғанын хабарлаған. Опат болғандар арасында алты әйел мен алты бала бар.

Сириядағы адам құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі орталық мәліметінше, жүзден астам адам қаза болып, 125-тен астам адам жараланған.

Сирия қорғаныс министрі Әли Махмуд Аббас дипломдарды тапсыру рәсіміне қатысқан, бірақ шабуыл басталардан бірнеше минут бұрын кетіп қалған. Бұл туралы Reuters Сирияның арнайы қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сирия қорғаныс министрлігі дрондар шабуылын «террористік» топтар ұйымдастырды деп мәлімдеді. Бірақ министрлік нақты қандай ұйым екенін атамады. Әзірге ешқандай ұйым шабуыл жауапкершілігін мойнына алған жоқ.

Сирияда үш күн аза тұту жарияланды.

XS
SM
MD
LG