Ссылки доступа

Мәскеу соты "Крокус" ісі бойынша оныншы күдіктіні қамауға алды


Якубджони Юсуфзода сот залында
Якубджони Юсуфзода сот залында

Мәскеудің Басман аудандық соты "Крокус Сити Холл" концерт залындағы теракт бойынша ұсталған тағы бір адамды 22 мамырға дейін қамауға алды. Ақпаратқа қарағанда, күдіктінің аты-жөні Якубжони Юсуфзода.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол шабуылға қатысты дегендердің біріне банк картасынан ақша аударған. Оған теракт болғаннан кейін де ақша аударған.

Юсуфзода 25 наурызда құжат тексеру кезінде ұсталып, 12 тәулікке қамауға алынған. Енді оған террористік акт бойынша айып тағылып жатыр.

Юсуфзода – "Крокус Сити Холлға" шабуыл жасауға қатысты деген оныншы күдікті. Осыған дейін Тәжікстанның төрт азаматы ұсталған.

22 наурызда "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуылдан 144 адам мерт болды, 500-ден астам адам зардап шекті.

1 сәуірде Ресей ФСБ бір күн бұрын Дағыстанда ұсталған бірнеше адам "Крокусқа" шабуыл жасағандарды қаржыландыруға және қамтамасыз етуге қатысқанын, оларға қару бергенін айтты. Ұсталғандардың Каспийскте теракт жасауға дайындалғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG