Мекеме мәліметінше, ұсталған адамның шабуылды қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін.
Тергеу комитеті күдіктіні қамауға алу үшін сотқа қайрылғанын мәлімдеді.
Мекеме сонымен бірге "Крокус Сити Холлға" шабуыл жасағандардың украин ұлтшылдарымен байланысы барын айғақтайтын дәлелдер алғанын жеткізді.
"Тергеу теракт жасағандар Украинадан қомақты ақша және криптовалюта алғанын растады, олар оны шабуыл жасауға жұмсаған", - делінген тергеу комитетінің мәлімдемесінде.
22 наурызда "Крокус Сити Холлға" шабуылдан 143 адам қаза тапты. "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы шабуылды мойнына алып, терактіні ауған қанаты ұйымдастырды деді.
Ресей президенті Владимир Путин бұл істе Украинаның ізі барын айтты. Киев бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеді.