Патент не себепті берілмей жатқанын ресми билік түсіндірмеді. Еңбек мигранттарының хабарлауынша, «көбіне тәжік азаматтарының арызын ешқандай себепсіз қабылдамай жатыр».
Мигранттардың кейбірі Санкт-Петербургтегі Бірыңғай көші-қон орталығына үшінші мәрте келген, бірақ олардың бұл әрекетінен түк шықпаған.
«Бізге не себепті патент берілмей жатқанын ешкім түсіндіргісі келмейді» деп хабарлады мигранттар 8 мамырда Азаттықтың Тәжік қызметіне.
Патент ала алмай жүрген азаматтардың Ресейде жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатының мерзімі сәуір айында аяқталған, бірақ олар осы уақытқа дейін оның мерзімін создыра алмай жүр.
23 сәуірде көші-қон орталығына келгендерге 7 мамырда қайта соғуға кеңес берген. Енді 21 мамырда келу керек деп айтып жатыр. Мигранттар Ресейден депортациялап жібере ма деп қауіптенеді.
Биіл сәуірде «Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресей мемлекеттік құрылымдары Тәжікстаннан келген мигранттарды қысымды күшейтті. Кейінгі бірнеше аптада Тәжікстанның жүздеген азаматы Ресейге кіре алмады, тағы жүздеген адам елден депортацияланды.
Бұл уақытта, Тәжікстан сыртқы істер министрлігі азаматтарға Ресейге барудан бас тарта тұруға кеңес беріп отыр.