Ссылки доступа

Ресейде ІІМ қызметкерлері заңсыз миграция ұйымдастырды деп айыпталып жатыр


Мәскеу түбіндегі Балашиха қаласында 14 адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері заңсыз миграция ұйымдастырды деген айыппен қамауға алынды. Айыпталушылар арасында ІІМ аймақтық бекеттің басшысы да бар деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті.

Тергеу мәліметі бойынша, айыпталушылар 1500 шетелдікті миграциялық есепке тұрғызу үшін бір миллион рубльге дейін пара алып, оларға қолдан жасалған құжаттар бар.

Қазір олардың он екісі тергеу абақтысында, екеуі үйқамақта.

Ресейде мигранттарға қарсы бақылау 22 наурызда "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін күшейді.

XS
SM
MD
LG