Ссылки доступа

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторында оқ атуды тоқтату жөнінде резолюция қабылдады


Дүйсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тез арада Газа секторындағы оқ атуды тоқтатуды талап еткен резолюция қабылдады.

Құжатта ХАМАС радикал тобының қолында тұрған израил тұтқындарын ешқандай шартсыз босатуды талап ету жазылған.

Бұдан бөлек резолюцияда тараптар Ораза айында оқ атуды тоқтатып, Газа секторында кедергісіз гуманитарлық жәрдем жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен.

Резолюцияны Қауіпсіздік кеңесінің 10 мүшесі әзірлеген. Ресей мәтінге оқ атуды "біржола" тоқтату талабын енгізуге әрекет етіп, бірақ бұл ұсынысы қолдау таппады. АҚШ дауыс бермеді.

АҚШ ұсынған резолюцияны осыған дейін Ресей мен Қытай қабылдамаған.

Израиль Газа секторына әскери операциясын былтыр 7 қазанда ХАМАС тобы Газаға шабуыл жасап, 1200 адамды өлтіріп, 250-ге жуық адамды тұтқынға алғаннан кейін бастаған.

АҚШ, Катар және Египет арқылы бірнеше аптадан бері жүріп келе жатқан келіссөздерден нәтиже шықпай жатыр.

XS
SM
MD
LG