«Төрт күн бұрын Telegram’ның орыс тілді қолданушылары бейтаныс адамдар теракт жасауға үндеу тастағанына шағымданған. Содан кейін біз бір сағаттың ішінде осындай белсенділікті тоқтату үшін техникалық шаралар қолдандық» дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, келесі аптадан бастап Ресей, Украина және Беларусьтағы қолданушылар оларға жеке хабарлама жолдай алатын адамдар аясын шектей алады.
Бұның алдында Ресейдегі ақпарат құралдары «Крокус Сити холл» концерт залындағы терактіден кейін ресейліктер шабуыл ұйымдастыру туралы үндеулер ала бастағанын хабарлаған. «База» мәліметінше, мұндай үндеулер көбіне балаларға жолданған. Бұған қоса, мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, «Крокусқа» шабуылдады деген күдікпен ұсталғандар телеграм-арналар арқылы тапсырыс алған.
28 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мессенджерлер «терроршылардың құралына айналып барады» деп мәлімдеген.
Наурыздың басында Павел Дуров кейінгі жеті жылда алғаш рет сұхбат берген. Ол Telegram биржаға шығатынын хабарлаған. Дуровтың мәлімдеуінше, мессенджер 30 миллиард доллар тұрады.