Ссылки доступа

АҚШ және 34 ел Ресей мен Беларусьқа қарсы спорт санкцияларын күшейтуге шақырды 


Отыз бес ел, оның ішінде АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания және Еуропалық одаққа мүше елдер бар Ресей мен Беларусьқа қарсы спорт санкцияларын күшейтуді талап еткен мәлімдеме жасады.  

Онда төмендегідей шара қолдануды ұсынады:

- халықаралық спорт қауымдастығы Ресей мен Беларусь спорт басқармасы органдарымен жұмыс істеуді тоқтатуы тиіс

- Ресей мен Беларусь үкіметімен тығыз байланысы бар халықаралық спорт қауымдастығының ықпалды шенеуніктерін қызметінен босату

- Ресей мен Беларусьта халықаралық спорт жарыстарын көрсетуге тыйым салу.

Аталған елдің спортшылары жарыстарға қатысқысы келсе, бейтарап мәртебемен шығуына болады. Спорт жарыстарында Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік символдарын қолдануға тыйым салынады.

Украинада соғыс басталғаннан кейін көптеген спорт ұйымдары ресейліктерді жарыстарға қатыстырудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG