Ссылки доступа

АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға тағы $1,5 млрд көмек береді


Блинкен, Зеленский жәнеЛэмми Киевтегі кездесуде. 11 қыркүйек, 2024 жыл
Блинкен, Зеленский жәнеЛэмми Киевтегі кездесуде. 11 қыркүйек, 2024 жыл

АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға энергетика саласын қалпына келтіруге, гуманитарлық көмекке тағы 1,5 миллиард доллар береді.

Бұл туралы СІМ басшысыларының Киевтегі кездесуінде хабарланды. Жүздесуде Украинаға Ресей агрессиясын тойтару үшін қашыққа ұшатын зымырандар пайдалануға рұқсат беру мәселесі де сөз болған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Құрама Штаттар Украинаға 700 миллион доллардан аса қаражат береді. 325 млн доллар энергетика нысандарын қалпына келтіруге жұмсалады. Тағы 290 млн доллар тамақ, баспана, медициналық қызмет, білім беру салаларына бөлінеді. Қалған 102 млн доллар минадан тазарту жұмыстарына кетеді.

Өткен аптада АҚШ Украинаға 250 миллион доллар әскери көмек бөлетінін хабарлаған. Көмекке әуе қорғаныс жүйесінің зымырандары мен артиллерия кіреді.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэммидің Киевте хабарлауынша, оның елі Киевке 782 миллион долларды гуманитарлық көмек және несие ретінде береді.

"Біз әлі де Украинаның жеңіске жетуін қолдаймыз. Путинге жолданған ұжымдық сәлеміміз қолдауымыз әлсіреген жоқ дегенге саяды" дейді Блинкен.

Блинкен мен Лэммиидің Киевке сапары кезінде бірнеше мәрте дабыл қағылды. Сол себепті кездесу уақыты шегеріліп, гүл қою рәсімі өтпей қалды.

Келіссөздер барысында Украинаға қашыққа ұшатын зымырандар пайдалануға рұқсат беру мәселесі де талқыланған. Блинкеннің айтуынша, енді бұл мәселені АҚШ президенті Джо Байден мен Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер "міндетті түрде" талқылайды. Байден мен Стармер кездесуі 13 қыркүйекте Вашингтонда өтеді.

XS
SM
MD
LG