Ссылки доступа

АҚШ, Британия және Оңтүстік Кореяға КХДР тараптан хакерлік шабуыл жасалды


Ким Чен Ын
Ким Чен Ын

Солтүстік Кореяның арнайы қызметімен байланысы бар хакерлер Құрама Штаттар, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның әскери құпия құжаттарын алуға тырысып жатыр деп хабарлады осы елдердің қауіпсіздік қызметі.

Хакерлер қорғаныс секторына қатысы бар, атап айтқанда суасты қайығын, әскери ұшақтар шығаратын ірі компаниялардың компьютер жүйесін бұзған. АҚШ Федералды барлау қызметі қауіптің әлі сейілмегенін, хакерлер Жапония мен Үндістан компанияларына шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертеді.

Хабарламада Пхеньянның құпия құжаттарға қол жеткізген-жеткізбегені әзірге белгісіз делінген.

XS
SM
MD
LG