Ссылки доступа

АҚШ Украинаға тағы 18 HIMARS зымыран кешенін береді 


Ракетный комплекс HIMARS
Ракетный комплекс HIMARS

АҚШ Украинаға 1,1 миллиард доллар тұратын жаңа қару-жарақ пакетін беретінін жариялады.

Пентагонның мәлімдеуінше, бұл пакетке нысанаға дәл тиетін 18 HIMARS зымыран кешені мен оның оқ-дәрілері, 150 дана брондалған техника, 150 тактика жүргізуге ыңғайлы көлік, сонымен бірге Иран дрондарынан қорғану жүйесі кіреді. Ресей кейінгі уақытта Ираннан сатып алынған қашықтан басқарылатын ұшу аппараттарын ұрыста қолданып жүр.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері Құрама Штаттар украин әскеріне жалпы көлемі 16 миллиард доллардың көмегін көрсетті.

Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы, шетел барлау қызметтері және әскери сарапшылар биыл маусым айының соңында украин армиясына жеткізілген HIMARS зымыран кешендері ұрыс барысына елеулі түрде әсер етіп жатыр. Украин билігінің мәлімдеуінше, соғыста басымдыққа ие болу үшін кем дегенде тағы осындай 200 әскери жүйе қажет.

XS
SM
MD
LG