Ссылки доступа

АҚШ Украина аймақтарында заңсыз референдумдар өтуі мүмкін екенін ескертті


Херсон

Ресей апта соңына дейін Украинаның оккупацияланған аймақтарында референдум өтетінін жариялауы мүмкін. Ақ үйдің АҚШ ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби осылай деп хабарлады.

Оның дерегінше, Мәскеу сайлау нәтижесін бұрмалап, басып алған аймақтардың тұрғындары Ресей құрамына кіруді қалайды деп жариялайды. Референдумдар заңсыз өтеді, дауыс бергісі келетіндер өте аз болады, деп есептейді Кирби.

Ақпанның аяғынан бері Ресей Украинаның Луганск облысын толықтай дерлік, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының басым бөлігін басып алды.

Осы аймақтардағы басқыншы билік Ресей құрамына кіру жөніндегі референдумға дайындалып жатқанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Олар қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мұндай әрекетінен соң келіссөз туралы сөз қозғау мүмкін болмайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG