Ссылки доступа

АҚШ азаматтарына Ресейден кетуге, бұл елге бармауға кеңес берді


АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Ресейде тұратын немесе сонда жүрген азаматтарына елден "тез арада" кетуге кеңес берді. Ескерту елшілік сайтында жарияланды.

"Ресей қарулы күштерінің Украинаға себепсіз басып кіруінің түрлі салдары", сонымен бірге Ресей құқық қорғау органдарының АҚШ азаматтарын қудалауы мүмкін екендігі, Ресеймен арадағы көлік байланысының шектелуі, АҚШ елшілігінің Ресейдегі азаматтарына көмектесу мүмкіндігінің шектелуі және теракт қаупі АҚШ елшілігін азаматтарға осындай кеңес беруге мәжбүр етіп отыр. АҚШ азаматтарына Ресейге барудан бас тартуға да кеңес берілген.

Елшілік мәліметінде Ресейде қыркүйекте мобилизация жарияланғаны, жергілікті билік америкалық құжаттарды мойындамай, қос азаматтығы барларды армияға алып кетуі мүмкін екендігі айтылған.

Былтыр АҚШ елшілігі америкалықтарға "Ресейден тез арада кетуге" екі мәрте кеңес берген. Алғашқы ескерту 28 ақпанда, яғни Ресей әскері Украинаға басып біргеннен бірнеше күннен кейін, ал екіншісі 28 қыркүйекте, яғни Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін жасалған.

XS
SM
MD
LG