Ссылки доступа

АҚШ Киевке қосымша 1,85 млрд доллар әскери көмек беретінін жеткізді 


Украинаға берілетін 1,85 млрд доллар қосымша әскери көмек ішінде Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚ) және JDAM "ақылды" әуе бомбалары бар деп мәлімдеді  21 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-ға ресми сапармен барды. Бұл оның Ресей шабуыл жасағаннан бергі шетелге шыққан алғашқы ресми сапары. Бұдан бөлек қосымша көмек жайлы мәліметтер Ақ үйде кездесу қорытындысында жарияланбақ.

Блинкеннің сөзінше, Киевке берілетін әскери көмек екі бөліктен тұрады.

Жалпы АҚШ Украинаға 21,9 млрд доллар әскери көмек көрсеткен.

Бұл жолы Киев Joint Direct Attack Munition (JDAM) техникасын бірінші рет алғалы жатыр. Бұл "ақылды" құрылғы қарсыласының әскери нысанын жоғары дәлдікпен жойып жібере алады.

XS
SM
MD
LG