Жол полициясының хабарлауынша, Куляб қаласынан Мүмінабад ауданына қарай бет алған 27 жастағы Бободжон Зоиров жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа бір автокөлікті соққан.
«Алты адам сол жерде жан тапсырды, кейінірек жетінші жолаушы ауруханада көз жұмды. Тағы төрт адам емделіп жатыр» деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі.
Қаза болғандар арасында жас ана мен оның үш баласы бар.
Куляб облыстық ауруханасының хабарлауынша, үш науқастың жағдайы мүшкіл. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апатының себебін анықтап жатыр.
Тәжікстанның Хатлон облысында жылдың алғашқы жартысында 122 жол апаты болып, 67 адам өлген..