Ссылки доступа

Мәскеуде құрылыс компаниясы мигранттарды алдаған (видео)


"Из 186 тысяч рублей мне заплатили 93!" Рабочие из Узбекистана жалуются, что их обманула компания в Москве
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

Мәскеуде жұмыс істейтін өзбекстандық мигранттар "R-1" жол-құрылыс компаниясының құрбаны болдық деп мәлімдеді.

Олардың сөзінше, жұмыс беруші жарты жыл бойы айлық төлемеген. Тек уәде еткен ақшаның кішкентай бөлігін ғана берген. Айлықты талап еткендерді жұмыстан шығарған.

"186 мың рубльдің тек 93 мыңын ғана төледі", – дейді Ислам есімді азамат. Ал Умид 208 мың рубльдің тек 104 мыңын ғана берді дейді. Олардың айтуынша, айлығын толық ала алмай жүргендердің арасында 14 өзбекстандық бар.

"Маған Алик Сочинскиймін деп компания атынан бір азамат звондады. Ол қалған айлықты ұмытыңдар деді. Болмаса Өзбекстаннан арнайы адам шақыртатынын, олар 16 секундта келіп, жазалайды деп ескертткі", - дейді Жамолиддин Мамадкулов есімді мигрант.

Мигранттар жұмыс берушімен ресми түрде еңбек келісім-шартына отырмағанын айтады. Тек ауызша келістік дейді. Себебі, мигранттар компания ірі әрі танымал болғандықтан, алаяқтықтың құрбаны боламыз деп ойламадық дейді.

Мигрант.Медиа жобасының журналистері аталған компанияға хабарласып, мәселенің себебін анықтауға тырысты. Бірақ менеджерлердің ешқайсысы тілшімен сөйлескісі келмеді.

Нәтижесінде зардап шеккен 14 өзбекстандықтың 9 -ы отанына қайтуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG