Ссылки доступа

Сот Дональд Трампты журналиске қырындады деп таныды


Дональд Трамп 
Дональд Трамп 

Құрама Штаттардағы алқа билер соты елдің 45-президенті Дональд Трампты журналист әрі жазушы Джин Кэрроллға қырындады деп таныды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Сот алқасы жәбірленушіге бес миллион доллар көлемінде өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.

Кэрролл экс-президент Трампты төрт жыл бұрын айыптаған. Журналистің айтуынша, 1996 жылы ол АҚШ-тың болашақ президентін Нью-Йорктегі универмагта кездестірген. Трамп оған басқа бір әйелге сыйлық ретінде таңдаған ішкиімді киіп көруін өтінген, Кэрролл келіскен. Алайда ол мені киім ауыстыратын орында зорлады, дейді журналист.

Трамп айыпты жоққа шығарып отыр. Оның пікірінше, Кэрролл кітабын көбірек сату үшін әдейі осындай жала ойлап тапқан. Дегенмен Трамп қорғаушы жалдаудан, сотта куәлік етуден бас тартты. Трамп сот шешімін "масқара" деп сипаттады.

Нью-Йорк сотында Трампқа қарсы тағы бір іс қаралып жатыр. Порноактриса Сторми Дэниэлс 2016 жылы экс-президент онымен төсектес болғанын жасыру үшін 130 мың доллар берді мәлімдеген. Манхэттен аймақтық прокуратурасының пікірінше, Трамп бұл ақшаны сайлау қорынан алған, сол арқылы сайлау заңдарын бұзған. АҚШ-тың бұрынғы президенті мен оның адвотаттары айыпты жоққа шығарып, оны "саяси қудалау" деп атаған.

Дональд Трамп – АҚШ тарихында үстінен қылмыстық айыптар тағылған алғашқы экс-президент. Алайда ол 2024 жылы президент сайлауына түскісі келетінін мәлімдеді. Түрлі айыптаулар Трампқа мемлекет басшысы қызметіне таласуға кедергі бола алмайды.

XS
SM
MD
LG