Ссылки доступа

Ресей соты Тәжікстан ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп таныды


Ресей Жоғарғы соты Тәжікстан ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп таныды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Арызды Бас прокуратура түсірген. 2005 жылы оппозициялық партия Тәжікстанның өзінде де террористік, экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне республика аумағында және ШЫҰ елдерінде тыйым салынған.

Тәжікстан ислам өркендеу партиясы 1991 жылы тіркелді, бірақ бейресми түрде 1970-жылдардан бастап жұмыс істеген. Бұл - Орталық Азиядағы жалғыз ислам партиясы. Кезінде партия дін еркіндігі үстемдік құрған демократиялық мемлекет құруды ұсынған. 1997 жылы партия өкілдері тәжіктің Халық майданымен бейбіт келісімге отырып, азаматтық соғыстың аяқталуына ықпал етті.

Тәжікстан ислам өркендеу партиясы елдегі қазіргі ресми жүйеге оппозиция болды, саяси тұтқындардың, түрлі дін өкілдері мен аз ұлттардың құқықтарын қорғаумен айналысты.

2015 жылы Тәжікстанда партия қызметіне тыйым салынған соң оған қатысы бар жүзден астам адам сотталды.

XS
SM
MD
LG