Оның қорғаушыларының бірі Юлия Богданова "Мадумаров кінәлі деп танылды, бірақ мерзімі өтіп кеткендіктен жаза шегерілген жоқ. Шешім заңды күшіне енгенше абақтыда қалдырылды", - деді.
Мадумаров болса, өзіне қатысты сот шешімі заңсыз деді.
Оған қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі - қырғыз-тәжік шекарасындағы жер телімі бойынша 2009 жылы қаулыға қол қойғаны үшін оған "Мемлекетке сатқандық жасады" деген айып тағылды. Президент Садыр Жапаров сұқбаттарының бірінде осы қаулының салдарынан Баткендегі Төрт-Көчө үшін дау болып жатқанын білдірген. Бірақ Мадумаров ол қаулының ешқандай заңдық күші жоқ екенін айтып келеді.
Екіншісі - Шыңғыс Абдымомунов есімді адам 2015 жылы "Бүтін Қырғызстан" партиясына 50 мың доллар бергенін айтып, оны қайтарып беру өтініші бойынша милицияға арыз жазған.
Мадумаров 2023 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Содан бері тергеу абақтысында отыр. Ол бұл әрекетті өзіне жасалып жатқан саяси қысым деп атады.