Ссылки доступа

Иллинойс соты Трампқа праймеризге қатысуға тыйым салды


Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатында.
Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатында.

28 ақпанда АҚШ-тың Иллинойс соты бұрынғы президент Дональд Трампқа осы штаттағы праймеризге қатысуға тыйым салды.

Судья Трэйси Портер бұрынғы президенттің "бүлікке қатысы болғандықтан мемлекеттік қызметке отыру құқығынан айырылғанын" алға тартып, Трампты сайлау бюллетенінен алып тастау туралы шешім шығарды. Судья Трампқа шешімді апелляцияға беруіне уақыт беріп, оны орындау мерзімін бірнеше күнге шегерді. Иллинойста праймериз 19 наурызда өтеді.

Трамптың өкілі судьяны "саяси немқұрайлығы үшін" айыптап, оның шешімі өзге штаттардағы сот және сайлау комиссияларының шешіміне қайшы келетінін айтты. Ол шешімді апелляцияға беретінін жеткізді.

Иллинойс – Трампты сайлау бюллетенінен алып тастауға ұмтылған үшінші штат. Бұған дейін осыған ұқсас шешімдер Колорадо және Мэн штаттарында қабылданған. Трамп өкілдері дауласып жатыр.

АҚШ Жоғарғы соты Колорадо штатында сот қаулысының Конституцияға сай, сай еместігі жөнінде жуырда шешім шығарады. Әзірге шешім апелляцияда қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG