Ссылки доступа

Қазақстан соты "Хакер" журналының бұрынғы бас редакторын АҚШ-қа өткеріп бермеді


Қазақстан соты киберқауіпсіздікпен айналысқан F.A.C.C.T компаниясының топ-менеджері Никита Кислицинді экстрадициялау бойынша АҚШ-тың өтінішін шетке қақты.

F.A.C.C.T Ресейдегі Group-IB компаниясының мұрагері. Оның негізін қалаушы Илья Сачков мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен сотталған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресейдің Алматыдағы консулдығының өкілі Артём Оганов мәлімдеді.

“Хакер” журналының бұрынғы бас редакторы Кислицин 22 маусымда АҚШ-тың өтініші бойынша Қазақстанда ұсталған. F.A.C.C.T қазақ билігі оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр деген.

Компания Кислицинге қойылған талап-арыз 10 жыл бұрынғы оқиғаларға байланысты екенін және Қазақстанда оны қамауға заңды негіздер жоқ екенін атап өткен.

2014 жылы АҚШ-тың әділет министрлігі Никита Кислицинді 2012 жылы Formspring әлеуметтік желісінен ұрланған мәліметтерді сату бойынша айыптаған. Айыптау 2020 жылы ашық жарияланған.

Ресейде Кислицин мәліметті заңсыз алу фактісі бойынша сырттай қамауға алынған. Мәскеуде экстрадициялау бойынша сот қашан өтетіні айтылмады.

XS
SM
MD
LG