Нью-Йорктегі сот ісіне төрағалық етуші судья Хуан Мерчан сейсенбі күні осылай деп мәлімдеді.
Осы іске қатысты үкім 11 шілдеде жариялануы тиіс болған. Алайда АҚШ Жоғарғы соты Трамптың мемлекеттік басқарып тұрғандағы ресми әрекеттері үшін президент иммунитеті бар деп шешкен. Сол себепті судья Мерчан үкім шығару мерзімін сайлаудан кейінге уақытқа белгілеген. Маусым айында алқа билер соты Дональд Трампты 2016 жылғы президент сайлауы қарсаңында порноактрисаға дау шығармасын үшін ақша төлеп, қылмысын жасыру мақсатында құжаттарды бұрмалады деп таныған.
Жоғарғы сот шешімі Дональд Трампқа қарсы тағы екі қылмыстық іске әсер етуі мүмкін. 2021 жылғы 6 қаңтарда Трамп жақтастарының Конгресс ғимаратына басып кіруіне экс-президенттің қатысы бары туралы федералдық іс қозғалған. Ал Джорджия штатының прокуратурасы Трампты 2020 жылғы президент сайлауы кезінде дауыс санауға ықпал жасамақ болды деп айыптап отыр. Сарапшылардың пікірінше, осы істерге қатысты сот президент сайлауына дейін басталуы екіталай. АҚШ-та кезекті президент сайлауы биыл 5 қарашада өтеді.