Ссылки доступа

Рамзан Қадыров екі баласын үйлендірді. Әлидің қалыңдығы бар болғаны 14 жаста


Рамзан Кадыров пен Әли Қадыров
Рамзан Кадыров пен Әли Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 17 жастағы Әли мен 16 жастағы Адамды үйлендірді. Әли дума депутаты Адам Делимхановтың бір туысының кәмелет жасқа толмаған қызын алса, Адам сенатор Сүйлейман Геремеевтің қызына үйленді.

Бұл туралы Кавказ.Реалии басылымы жазды.

Үйлену тойлары құпия түрде ұйымдастырылған. Оған қатысқан қонақтарға той туралы айтуға тыйым салынған.

"Новая газета Европа" басылымының хабарлауынша, той өтетін күні Шешенстанда "Кавказ" федералдық жолы жабылған. Соған қарамастан жолда апат болған. Ford Focus автокөлігін жас жұбайлар мінген Rolls-Royse берен автокөлігі көшін бастаған бірінші автокөлік қаққан. Бір адам ауруханға түскен.

Мәліметтерге қарағанда, Әли Қадыров үйленген қыз бар болғаны 14 жаста. Қалыңдық дума депутаты Адам Делимхановтың немересі Хеда Делимханованың қызы.

Адам Қадыров үйленген қыз туралы мәлімет жоқ. Қалыңдық шешен сенаторы Сүлейман Геремеевтің қызы екені белгілі.

Рамзан Қадыров балалары мен туыстарын республикадағы маңызды қызметтерге тағайындаған. 2024 жылғы мамырда оның 18 жастағы ұлы Ахмат Шешенстан спорт министрі атанған. Ал былтыр 16 жастағы Адам Қадыров әкесінің «қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы» қызметіне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG