65 жастағы кәсіпкер Муким Ашуров бір азаматқа 320 мың доллар қарызын қайтармағаны үшін қамауға алынған. Екі ай қамауда отырған уақытта күдікті берешектен толық құтылған.
Муким Ашуровтың ұлдарының бірі ел премьер-министрі Кохир Расулзоданың қызына үйленген.
Осының алдында ғана Кохир Расулзоданың жақын туыстарының Дубай, Душанбе және Худжандтағы мүлкі туралы журналистік зерттеу жарияланған. Осы материал әлеуметтік желілердің тәжік сегментінде кең талқыланған.
Мәліметтерге қарағанда, үкімет басшысының әйелі Икболхон Нозированың Дубайде екі вилласы бар. Жылжымайтын мүліктер шамамен 1,5 млн доллар тұрады.
Кохир Расулзоданың қызы Фарангиз Әзімованың да Дубайда вилласы бар. Ол күйеуі Зафар Әзімовпен бірге тұрады. Зафар Тәжікстан экс-премьер-министрі Яхьё Әзімовтің ұлы. Зафардың жеке компаниясы бар.