Ссылки доступа

Тәжікстан бас прокуратурасы экс-министр Зарифидің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады


 Хамрохон Зарифи
Хамрохон Зарифи

Бас прокуроры Юсуф Рахмон экс-министр Хамрохон Зарифидің, Жоғарғы кеңестің экс-төрағасы Ақбаршо Искандаровтың, демпартия төрағасының бірінші орынбасары Ахмадшох Комилзоданың және социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Шокиржон Хакимовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Рахмонның мәлімдеуінше, істі болғандар экс-депутат, демократиялық партияның бұрынғы төрағасы Саидджафар Усмонзодамен байланыс орнатқан. Саяаткер биыл маусым айында ұсталған. Оған мемлекеттік билікті басып алу үшін сөз байласты деген айып тағылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2021 жылғы қыркүйекте Усманзода «Тәжікстан ұлттық альянсы» жетекшісінің орынбасары Шарофиддин Гадоевпен телефонмен сөйлесіп, «билікті басып алуға қатысты кеңестер берген». Гадоев «Ислам өркендеу партиясы» ұйымының басшысы Мұхиддин Кабири оған қаржылай көмек беріп, шетелден «Жамаат Ансаруллах» ұйымының үш мыңнан аса содырын әкеледі деген.

«Мемлекетті, ұлтты, президентті сатқан адам заң алдында жауап береді» дейді бас прокурор Юсуф Рахмон.

Мамырдың ортасында демократиялық партияның кезектен тыс съезінде Усмонзода төраға қызметінен шеттетілген.

XS
SM
MD
LG