Ссылки доступа

Тәжікстанда оппозиционердің туысы ұсталды  


Таулы Бадахшанда Хурсанд Мазоров пен Зоир Раджабов күш құрылымдары тарапынан өлтірілді: олар аймақтың ресми емес лидерлері болған 

Хорог милициясы Польшада тұрып жатқан тәжік оппозиционері Алим Шерзамоновтың бауыры, 56 жастағы Муслим Шерзамоновты ұстаған. 

Алим Шерзамоновтың өзі мамыр айында өткен Таулы Бадахшандағы халық толқуын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Муслим арнайы операция кезінде ұсталған. Муслиммен бірге тағы тоғыз адам қамауға алынған.

Тәжікстан билігі Муслим Шерзамоновтың үйін тінту кезінде қару-жарақ табылғанын мәлімдеді.

Оппозиция лидері Алим Шерзамонов бауырының ешқандай саясатқа қатысы жоқ екенін, ешбір саяси ұйымға мүше болмағанын айтады.

14 мамырда Хорог тұрғындары көтеріліп, жергілікті биліктің отставкасын талап еткен. Осыдан кейін Тәжікстан билігі аймаққа "антитеррорлық операция" бастап, оншақты адамның өлтірілгенін, жүзден астам тұрғынның ұсталғанын мәлімдеген.

Ресми Душанбе халық толқуын ұйымдастырды деп Польшада тұрып жатқан Алим Шерзамоновқа айып тағып отыр. Ол Социал-демократиялық партияның лидері. 2017 жылы қуғындаудан кейін, Польшаға қашып, саяси баспана сұраған.

XS
SM
MD
LG