Ссылки доступа

Беларусьта орыс армиясына қызмет етуден қашқан тәжікстандық ұсталды


Беларусьта Ресейде әскери қызметке шақырылғаннан кейін қашқан екі тәжікстандық ұсталды. Бұл жөнінде Мәскеудегі тергеу комитеті басқармасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, 2004 және 2005 жылдары туған тәжік азаматтары Ресей азаматтығын алған. Олар былтыр қазан айында әскерге шақырылған.

Ресейде оларға "әскери борышын өтеуден қашты" деген сырттай айып тағылды. Оларды іздестіру барысында, бірі Беларусьта жүргені анықталған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін мигранттарды соғысқа тарту әрекеті жүріп жатқаны бірнеше рет хабарланған. "Заңсыз мигранттарды ұстау" рейді жиі өтетін болды.

Бірақ соғысқа қарамастан, Ресейде орыс паспортын алғысы келетін тәжікстандықтар саны өсіп жатыр. Егер 2021 жылы 103 мыңнан астап тәжікстандық орыс паспортын алса, 2022 жылы 119 609 адамға көбейген. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 44 854 тәжік азаматы орыс паспортын алған.

XS
SM
MD
LG