Ссылки доступа

Душанбеде алты жыл бұрын шыққан көліктерді жүргізуге тыйым салынды (видео)


Душанбеде таяу күндері мыңдаған көлік жүргізушілері жұмысынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік көлік инспекциясы 2016 жылға дейін шыққан көліктердің сары нөмірін тартып алатын болады.  

Бұл сары нөмір арнайы такси жүргізушілеріне ғана беріледі.

В Душанбе таксистам запрещают ездить на машинах старше шести лет
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:43 0:00

Сарафроз Шарипов жарты жыл бұрын 8,5 мың долларға несиеге көлік сатып алады. Бірақ 2016 жылға дейін шыққан көліктерге такси қызметін атқаруға тыйым салу ол үшін үлкен соққы болды.

"Екі жарым жыл бойы көлік сатып аламын деп алғашқы жарнаны жинадым. Бұл мәселені биліктің оң шешуін қалаймын. Егер жұмыс істеуге тыйым салса, несиемді қалай жабамын?", - дейді ол.

Дегенмен "Душанбетранссервис" қызметі әзірге 2016 жылға дейінгі көліктерді жүргізуге тыйым салынды деген нақты шешім жоқ екенін айтады. Ал көлік инспекциясы қалада жыл сайынға жоспарлы тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Душанбеде заңды түрде төрт жарым мың такси жүргізушісі тіркелген.

XS
SM
MD
LG