Оған тамыз айында тәліптер басып алғанға дейін ІІМ жұмыс істеген әйелдер тартылып жатыр. Дайындықтан 100-ге жуық әйел өтіп жатыр. Бұл туралы Азаттықтың ауған қызметі хабарлады.
Құқық қорғаушылар тәліптер митингтер кезінде белсенді қыз-келіншектер мен әйел полицейлерді тартып жатқанын айтады.
Тәліптер билікке келгеннен кейін әйел құқығын сақтауға уәде берген. Бірақ керісінше қатаң шектеулер енгізді. Исламистер 20 жыл бұрын құрылған Әйелдер ісі жөніндегі министрлікті жойып, қыздардың мектепте білім алуына шектеу енгізіп, қыздарға спортпен шұғылдануға тыйым салған.
Биыл жазда тәліптер әйелдерді жалғыз көшеге шықпауға және көпшілік арасында жүзін жауып жүруге міндеттеген.
Бір күн бұрын Кабулда университет түлектері әйелдерге білім алуға және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етіп, акция өткізген.
"Талибан" қозғалысын көптеген елдер террористік деп таныған.