Түркімен Хельсинки қоры 27 мамырда дереккөзіне сүйеніп, оны депортациялауы мүмкін деп жазды.
Тачмырат Бекиев 2023 жылдың тамызында Ресейден Түркіменстанға депортацияланған Ашырбай Бекиевтің туысы. 2015 жылы Түркіменстанның арнайы қызметі ағайындыларға ұлттық және діни қастық туғызды деген айыппен іздеу жариялаған.
Бекиевдердің туыстарының айтуынша, ағайындылар ислам дінін ұстанады, бірақ олардың сенімі экстремистік және радикалды көзқарасқа сәйкес келмейді.
Түркімен Хельсинки қорының мәліметі бойынша, Түркіменстанға депортацияланған Ашырбай Бекиев 2023 жылдың қазанында "ислам экстремизмі" айыбымен 23 жылға еркінен айырылған.