Ссылки доступа

Токио мен Сеул Ресей мен Солтүстік Кореяға сакция салды


Главный испытательный полигон российских систем ПВО Ашулук в Астраханской области
Главный испытательный полигон российских систем ПВО Ашулук в Астраханской области

Жапония Ресейдің бір азаматы мен осы елдің тоғыз және Кипрдің екі заңды тұлғасына қарсы санкция салды. Олар Солтүстік Кореядан қару тасумен айналысқан. Бұл туралы Жапония сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Санкция тізімінде «224 жылдық отряд» әуе компаниясының бас директоры Владимир Михейчик, сонымен бірге әуе компаниясының өзі, Ашулук әскери полигоны, «Трансморфлот» және басқалары бар. Кипрдің IBEX Shipping және Azia Shipping компанияларына да шектеу енгізілді. Жапония олардың активтері мен төлемдерін бұғаттады.

Жапония Ресейді Солтүстік Кореядан қару сатып алды деп айыптады. Себебі мұндай әрекет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы келеді.

Жұма күні Сеул де Мәскеу мен Пхеньянға санкция енгізгенін мәлімдеді. Оңтүстік Корея КХДР-дың жеті азаматы мен Ресейдің екі екі кемесіне шектеу қойды.

XS
SM
MD
LG