Ссылки доступа

Дональд Трамп республикашылар атынан президент қызметіне таласуға ресми түрде келісім берді


АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Республикалық партия атынан президент қызметіне таласуға ресми түрде келісім берді. Бұл туралы ол Милуоки қаласында өткен съезде мәлімдеді.

Трамп Пенсильванияда өзіне қандандық жасалған күнді қалай бастан кешіргенін баяндады. «Мен ысқырыққа ұқсайтын қатты дыбыс естідім, маған бірдеңе тигенін, оң құлағым қатты ауырғанын сездім. «Уау, бұл не болды екен? Оқ сияқты» деп ойладым» дейді Трамп.

Бұрынғы президент съезге бір құлағын таңып шықты. Ол «Жаратқанның қалауы басқаша болғанда» осы жиынға келе алмайтынын айтты.

Трамп инфляциясыз экономика, салықты қысқарту және мемлекеттік реттеу туралы айтты. Экс-президент салықты азайтып, 36 трлн долларға жеткен федералдық қарызды қысқарту туралы мәлімдеді.

Ол Джо Байден әкімшілігін «халықаралық дағдарыстар» жасады деп айыптап, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын, Израиль мен ХАМАС соғысын осындай жалжалдардың қатарына жатқызды. Трамптың пікірінше, ол президент болып тұрғанда мұндай соғыстар болмас еді.

XS
SM
MD
LG