Ссылки доступа

Мәскеуде мигранттарды уақытша ұстау орталығының үш қызметкері қамалды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Мәскеу соты Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығының үш қызметкерін екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Абдулғапиз Мұстапаев, Рудик Текнеджян және Ольга Ольга Адакинаға қызмет бабын асыра пайдалану арқылы алаяқтық жасады деген айып тағылған. Бұл туралы Мәскеу соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

Осының алдында Мәскеу облысындағы Сахаров ауылында орналасқан Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығы тексерілген.

Тергеу нұсқасына қарағанда, мекеменің үш қызметкері шетел азаматтарын "мәселесін тезірек шешіп береміз" деп алдаған. Олар мигранттарды еліне тезірек жіберу үшін 30 мың рубль, ал туыстарымен кездесу ұйымдастыруға 5 мың рубль пара сұраған.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда алты жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ресейден депортациялау туралы сот үкімі шыққан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарды Сахаровтағы орталықта уақытша ұстайды. Осы мекемеде болған мигранттардың көбі орталық қызметкерлерінен жапа шеккенін жиі айтады.

XS
SM
MD
LG