Орталық мәліметінше, Путиннің бірінші ұлы Иван 2015 жылы, ал Владимир 2019 жылы туған. Журналистер әдеп сақтап, олардың суреттерін жарияламады. Балар бүркеншік құжаттармен ел аралайды, Путинге байланысы бар жекеменшік ұшақтармен, яхталармен саяхаттайды. Оларды федерладық күзет қызметі қорғайды. Қоғамдық орындарға шықпайды, президент резиденцияларында тұрады.
Осындай мәліметтерді "Досьеге" Путин резиденциясында істейтін бір дереккөз айтқан.
Журналистер Путин мен Кабаеваның балалары барын бұған дейін де хабарлаған. Атап айтқанда, SonntagsZeitung швейцариялық газет Путиннің 2015 және 2019 жылдары туған екі баласы барын, олардың бірі Швейцарияда тұратынын жазған. Кабаева екінші баласын Мәскеуде туған. Нәрестені швейцариялық дәрігерлер қабылдаған. "Досье" осы мәліметті растады. Балаларды есімдері алғаш рет жарияланып отыр.
Кремль әзірге зерттеу орталығының мәліметіне қатысты ешқандай мәлімдеме таратпады. Путин балалары барын көпшілік алдында ешқашан айтпаған. Дегенмен президент оның отбасында балалар барын меңзеген. Жақында Путин отбасының ең жас мүшелері қытай тілін үйреніп жүргенін айтқан.
Владимир Путин 2013 жылы бірінші әйелімен ажырасқан, бірақ Алина Кабаевамен тұратынын ешқашан көпшілік алдында мойындамған.
2022 жылы Ұлыбритания "Ұлттық медиа топты" басқаратын Кабаеваға санкция салды.
Путиннің алғашқы некеден екі қызы бар. Журналистер олардың Мария Воронцова мен Катерина Тихонова екенін анықтаған. Путин олардың өзінің қызы екенін көпшілік алдында мойындаған, бірақ жоққа да шығармаған.