Ссылки доступа

Түркіменстан Грузиямен, Әзербайжанмен, Румыниямен келісімге отыратынын хабарлады


Каспий теңізі
Каспий теңізі

Түркіменстан, Әзербайжан, Грузия және Румыния 2024 жылы Бухаресте төртжақты үкіметаралық келісімге отырады. Құжат халықаралық «Каспий теңізі – Қара теңіз» бағытын ашуды көздейді. Бұл туралы Түркіменстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Бухаресте Румыния мен Түркіменстан өкілдері келіссөз жүргізген.

Осының алдында түркімен газын Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға жеткізе бастайтыны хабарланған. Еуропа одағы Еуропа мен Орталық Азияны жалғайтын Транскаспий көлік дәлізіне 10 млрд еуро инвестиция салуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG