Азаттықтың Балқан уәлаятындағы тілшісі мемлекеттік мекемелерде мұндай тапсырма қалай орындалып жатқанын хабарлады.
"Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік және коммуналдық қызмет кәсіпорындарында істейтін жұмысшылардың бәрін шетел паспортын өткізуге мәжбүрлеп жатыр. Әлі алып үлгермегендер көші-қон қызметінен анықтама алуы тиіс" деп хабарлады тілші.
Дереккөздер мәліметінше, осындай талап уәлаят әкімшіліктеріне түскен. Ол туралы 9 қыркүйекте барлық мекемелерде жарияланған. Билік бұйрықты бәрі орындауыс тиіс деген талап қойды.
"Шетелге шығатын паспортты өткізіңдер, болмаса ертеңнен бастап жұмысқа келмеңдер" деп ескертілген. Емханалардың бас дәрігерлері мен мектеп директорлары да паспортын тапсырып жатыр" дейді Түркіменбаши қаласында бюджеттен қаржыландырылатын бір ұйымда істейтін жұмысшы.
Кейінгі айларда Түркіменстанда бюджет қызметкерлері арасында да шетелге кетушілер көбейген.
Түркіменстанда паспорт алу оңай шаруа емес. Биометрикалық паспорттарды тапсыру талабы бюджет қызметкерлерінің наразылығын туғызды.