Басылым мәліметінше, содырлар адамға лық толы сауда орталығына шабуылдауды көздеген. Газеттің хабарлауынша, осындай мәлімет «Уәлаят Қорасан» терроршыл тобының қолға түскен бес өкілінен алынған. «Ислам мемлекеті» ұйымының ауған бөлімшесі саналатын «Уәлаят Қорасан» 22 наурызда «Крокус Сити Холл» залына жасалған шабуылды өз мойнына алған.
Hurriyet газетінің мәліметінше, түрік арнайы қызметі биыл қаңтарда Стамбұлда Санта-Мария шіркеуіне шабуыл жасалғаннан кейін «Уәлаят Қорасан» қызметін ұзақ уақыт бойы бақылаған.
Бұған дейін хабарланғандай, «Крокус» ісі аясында ұсталған екі тәжік азаматының Түркияға барғаны мәлім болған. Ресейдегі шабуылдан кейін түрік билігі «Ислам мемлекеті» жақтастарына қарсы бірнеше операция жүргізіп, 200-ге жуық адамды ұстаған.
22 наурызда Мәскеу шетіндегі концерт залына жасалған шабуылдан 144 адам қаза болды.
Шабуыл жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» терроршыл тобы мойнына алды. АҚШ және Батыстың басқа да елдері осы нұсқа дұрыс деп есептейді.
Ресей билігі болса концерт залына жасалған шабуылға Украинаның қатысы барын айтып отыр. Киев мұндай долбарды жоққа шығарған.