Бұл туралы Reuters агенттігінің зерттеуінде хабарланды.
Агенттік сауда статистикасын зерттеп, түрік нарығында Украинадан тартып алған жерлерден көмір жеткізумен айналысатын кем дегенде 10 ресейлік фирманы анықтаған. Тауардың көп бөлігі Ростов-на-Дону және Новороссийск порттарынан келген. Ол порттарға Донецк және Луганск облыстарынан темір жол барады. Көмірді Гонгонг, Біріккен Араб Әмірліктері және оффшор аймақтарда тіркелген компаниялар сатып алады.
Журналистер сатып алушылардың артында кімдер тұрғанын анықтай алмады. Белиз билігі көмір сатып алушы туралы сауда реестерінен мәлімет беруден бас тартты. Құжаттарда көмір импорттаушы компаниялардың бірі Гонконгте орналасқан деп жазылғанымен, көрсетілген ғимаратта аталған фирма жоқ болып шықты.
АҚШ немесе Еуроодақ елдері Украинаның Ресей басып алған аймақтарымен сауда жасауға санкция салған, алайда Түркия мұндай шектеуге қосылмаған. Бұның алдында журналистер түрік компаниялары Украинаның Киев бақылауынан шығып қалған Херсон және Запорожье облыстарынан көмір алып жатқанын анықтаған. Украин, түрік және ресейлік шенеуніктер Reuters агенттігінің көмір туралы зерттеуіне қатысты мәлімдеме жасамады.
Reuters басып алынған аймақтардан сатылған көмірді 14,3 миллион доллар деп бағалаған.