Ссылки доступа

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон 72 сағатқа қамауға алынды


 Игорь Додон
Игорь Додон

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке сатқындық жасады деген бап бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 72 сағатқа қамауға алынды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Кёрпек мәлімдеді.

Сейсенбі күні Молдованың Коррупцияға қарсы прокуратурасы мен қауіпсіздік қызметі Додонның үйіне және оған тиесілі деген 11 мекен-жайға тінту жүргізген. Ол жемқорлықпен заңсыз байыды деген күдікке ілінді.

Молдованың бас прокуратурасы 18 мамырда Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ол молдовалық олигарх Владимир Плахотнюктан пара алды деген күдікке ілінді. Бұған 2019 жылғы видеожазба себеп болған. Жасырын камерамен түсірілген видеода Плахотнюк сол кездегі Игорь Додонға қара пакет беруге әрекет жасаған. Додон оған "сіз қайтадан пакетпен келдіңіз" деп айтқан және оны "Костя" деген адамға беруді сұраған.

Видеода Додон мен Плахотнюк конституциялық көпшілікке ие болатын парламенттік коалиция құру мәселесін талқылаған.

Бұл видео жариялағаннан кейін тексеру жүріп, бірақ олан қылмыстық құрам табылмады деп, қылмыстық іс қозғалмаған.

Бірақ өткен аптада Кишиневтің апелляциялық палатасы сот шешімін жойды.

Владимир Плахотнюк – Молдованың Демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы. Ол Молдова парламентінде екі шақырылымда депутат және вице-спикер болған.

Додон ресейшіл саясаткер болып саналады. Президент кезінде бірнеше рет Мәскеуге барып, Қызыл алаңда Жеңіс парадына қатысқан.

XS
SM
MD
LG